ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

Жаналықтар

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

Мектебімізде»Домбыра үні» челленджі өткізілді.

Мектебімізде 16 наурыз күні «Домбыра үні» челленджі өткізілді. 🪕🎼 Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ — қазақ емес, Нағыз қазақ- Домбыра! — Қадыр Мырза Әлі ақынымыз жырлағандай Кең даланаы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның…
ары қарай оқу

“Ұстаз-ана” тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.

Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектепте 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен “Ұстаз-ана” тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қызығы мен қиындығын түсіндіру, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Ардагер ұстаздар…
ары қарай оқу

8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мектебіміздің мерейін үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға,жүректеріңізді жырға бөлесін.

«Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Мектебімізде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай әке мен баланың қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Мақсаты: Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке ролінің ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген…
ары қарай оқу

11 сыныптар арасында «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізілді.

«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 11 сыныптар арасында «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында мамандық таңдау кеші өткізіліді.                                                             Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт — бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.                                                             Кешке…
ары қарай оқу

Бейнеу ауданының 50 жылдық мерей тойына және 1 наурыз алғыс айту күніне арналған волейболдан 2006-2007 жылы туылған оқушылар(қыздар) арасында өткен

24-25 ақпан күндері Бейнеу ауданының 50 жылдық мерей тойына және 1 наурыз алғыс айту күніне арналған волейболдан 2006-2007 жылы туылған оқушылар(қыздар) арасында өткен аудандық жарыста «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінің қыздар командасы 3-орын иеленді және команда ойыншысы Үттібаева Асылай «Үздік шабуылшы»  номинациясының иегері атанды.

«Ауғанның   асуында от кешкендер» атты танымдық сабақ өткізілді.

Мектебімізде 24.02.2023ж. күні Ауған соғысының 34 жылдығына орай  «Ауғанның   асуында от кешкендер» атты танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, ардагерлеріміздің ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Ауған соғысының ардагері Сәндібай Халилаев сабағымыздың қонағы болды. Ауғанстандағы  әскери  қызметі туралы…
ары қарай оқу

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өткізілді.

«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өткізілді. Эстафета мақсаты: оқушыларды қысқы демалыс кезінде кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып қызығушылығы мен махаббатын ояту. Бұл іс-шараға 3-4 сынып оқушылары қатысты.

«Вейп темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектебімізде жоғары сынып оқушыларына мектеп психологы Ж.Ауанова «Вейп темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: оқушыларға вип темекінің денсаулыққа зияндылығын ұғындыру болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпараттық сағат өткізді.

Педагог-психолог. Ж. Ауанова мектеп оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпараттық сағат өткізді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлық тың алдын алу. Болашақ ұрпақты елге, отанына адал қызмет етуге баулу болып табылады.