ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

Жаналықтар

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

Челлендж «Ұстазыңды құттықта!»

💐Челлендж «Ұстазыңды құттықта!» «Ұстаз ұлы есім» мерекелік іс-шара жоспарына сай 5-11-сыныптар арасында «Ұстазыңды бейнеролик арқылы құттықта» челленджі өткізілді.9«Ә» сыныбының видео-құттықтауын қабыл алыңыздар.Сынып жетекшісі: Дүйсенбаева Жұлдыз

Челлендж «Ұстазыңды құттықта!»

💐 Челлендж «Ұстазыңды құттықта!» «Ұстаз ұлы есім» мерекелік іс-шара жоспарына сай 5-11-сыныптар арасында «Ұстазыңды бейнеролик арқылы құттықта» челленджі өткізілді. 9 «А» сыныбының видео-құттықтауын қабыл алыңыздар.Сынып жетекшісі: Сатжанова Райхан

«Ұстазыңды бейнеролик арқылы құттықта» челленджі өткізілді.

💐Челлендж ұстазыңды құттықта!» «Ұстаз ұлы есім» мерекелік іс-шара жоспарына сай 5-11 сыныптар арасында «Ұстазыңды бейнеролик арқылы құттықта» челленджі өткізілді. 10 сыныбының видео-құттықтауын қабыл алыңыздар.Сынып жетекшісі: Басшиева Жадыра

Ұстазға құрмет!

👩🏻🏫 Ұстазға құрмет! ✅ «Ұстазға құрмет!» ұстаздарды мерекелік күтіп алу шарасына 9,10,11 — сыныптардың қатысуымен ДТІЖО М. Тітірбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз!

«Ақындар айтысы-2023» сайысы бойынша ашық сабақ, концепциямен танысу жұмыстары басталды.

📌 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы-2023» сайысы бойынша ашық сабақ, концепциямен танысу жұмыстары басталды.«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес…
ары қарай оқу

«Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» атты кітап көрмесі өткізілді.

✅ «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында Төле бидің туғанына 360жыл толуына орай «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» атты кітап көрмесі өткізілді.✅ Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

Еңбек күні бейне роликте…

🛠️📌 Еңбек күні ✅ «Еселі еңбек-ел ертеңінің кепілі» тақырыбында 6«Ә» сыныптың жетекшісі Аққұлова Айнұр сынып сағатын өткізді. ✅ Мақсаты: Еңбектің адам өмірінде маңыздылығын түсіндіру. Еңбек жасай білу дағдыларын дамыту.

«Жаңа кітаптар — оқырман назарына» библофреш өткізілді.

✅ «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында «Жаңа кітаптар — оқырман назарына» библофреш өткізілді. ✅ Мақсаты: жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу. Бұл іс — шараға мектеп оқушылары қатысты.

Еңбек күні

🛠️ Еңбек күні ✅ 2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбына оқушылар арасында эссе жазылды.

Оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылып, өткізілді.

ҚРБҒМ-нің 2022 жылғы 30 наурыздағы N117 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықты басшылыққа ала отырып қырқүйек айының 27 жұлдызында «Ә.Жанкелдин атындағы ЖББМ»-сінде оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Нұсқаулықтағы алгоритмдерге сәйкес мектеп персоналдарына, күзет ұйымдарына және оқушыларға нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, дабыл түймесі қосылып, қызметкерлер мен оқушыларды қауіпсіз жерге орналастыру үшін эвакуациялау жүргізілді. Мектептегі техникалық құралдардың (дабыл түймесі, бейнекамералар) жұмыс…
ары қарай оқу