ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

Рубрика: Мектеп ақпарат

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өткізілді.

«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өткізілді. Эстафета мақсаты: оқушыларды қысқы демалыс кезінде кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып қызығушылығы мен махаббатын ояту. Бұл іс-шараға 3-4 сынып оқушылары қатысты.

Бөлісу/Поделиться:

«Вейп темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектебімізде жоғары сынып оқушыларына мектеп психологы Ж.Ауанова «Вейп темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: оқушыларға вип темекінің денсаулыққа зияндылығын ұғындыру болды.

Бөлісу/Поделиться:

«Оқу үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыстастыру жолдары» семинар өтті.

Мектебімізде жаратылыстану—математика пәні мұғалімдерінің мектепішілік семинары өтті. Семинар тақырыбы: «Оқу үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыстастыру жолдары». Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, функционалдық сауаттылықты қалыстастыру. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Бөлісу/Поделиться:

«Тату үйдің тамағы тәтті» отбасылық қашықтықтан ұйымдастылырған видеоролик сайысы ұйымдастырылды.

Мектепішілік 8-11сыныптар арасында «Тату үйдің тамағы тәтті» отбасылық қашықтықтан ұйымдастылырған видеоролик сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру, салт- дәстүрді дәріптеу. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелесу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,тіл байлықтарын дамыту,үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы нәтижесінде «Өнегелі отбасы» номинациясымен Мағузаевтар отбасы , «Ынтымағы жарасқан…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбында педагог-психолог Ж.Ауанова 10 сынып оқушыларына іс-шара өткізді.

«Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбында педагог-психолог Ж.Ауанова 10 сынып оқушыларына іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, есірткі, анаша, героин сынды денсаулыққа зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.

Бөлісу/Поделиться:

«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында «Танысыңыз, жаңа кітаптар!» көрмесі өткізілді.

«Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында «Танысыңыз, жаңа кітаптар!» көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Көрмеге оқу жылында келіп түскен кітаптар қойылды. Олар: мектептің оқу бағдарламасына енген кітаптар, балалар және жасөспірімдер кітаптары, оқуға тиіс 10 кітап, әлемдік классика, қазақша 100…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Ә. Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-де Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы  Ә. Т. Жанкелдиннің өмір жолымен таныстыру және зиялы қауым өкілінің өнегелі өмірін насихаттау мақсатында «Ұшы қиырсыз жол»деректі фильмі көрсетілді.

Бөлісу/Поделиться:

Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған «Әр өлеңі- бір әлем» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында  лирик ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған «Әр өлеңі- бір әлем»  атты әдеби-сазды кеші өтті. Әдеби-сазды кештің мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Кешке 5-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Бірі өлең оқыса, бірі…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сүрет көрмесі өткізілген.

Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-сі «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сүрет көрмесі өткізілген. Әр сынып өздерінің жемқорлыққа қарсы екендерін сүрет арқылы білдірді. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы зандарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Тілші мұғалімдер» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

2023 жылдың 9-10 ақпан күндері Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тілші мұғалімдер» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиадаға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева Жұлдыз қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Бөлісу/Поделиться: