ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

Рубрика: Мектеп ақпарат

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз!

«Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз! Жүрегі мейірімге толы жомарт жандарды «Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз! Акцияның мақсаты: Мектеп оқушыларын толық оқумен қамту, аз қамтылған отбасы және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету, балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен отбасы балаларына нақты көмек көрсету болып табылады. Акция…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» атты кітап көрмесі өткізілді.

✅ «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында Төле бидің туғанына 360жыл толуына орай «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» атты кітап көрмесі өткізілді.✅ Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

Бөлісу/Поделиться:

Еңбек күні

🛠️ Еңбек күні ✅ 2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбына оқушылар арасында эссе жазылды.

Бөлісу/Поделиться:

«Ақындар айтысы-2023» сайысы бойынша ашық сабақ, концепциямен танысу жұмыстары басталды.

📌 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы-2023» сайысы бойынша ашық сабақ, концепциямен танысу жұмыстары басталды.«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

Жалпы Қазақстандық ашық диктант.

Жалпы Қазақстандық ашық диктант. 🖊️ 2023 жылдың 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мағжан Жұмабаев — заманының заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпы қазақстандық ашық диктант шарасы өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздікті бағалай алатын, егеменді еліміздің ынтымақтастық пен татулығын сақтайтын, ұлттық, құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.🖊️ Ашық диктант шарасына 9, 10,…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Мектебім — мейрім мекені»

💐🔔«МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»💐🔔 1 қыркүйек — Білім күні мерекесі «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынға Аудандық мәслихат депутаты Түзелов Райымбек, ардагер ұстаз Тілеубергенова Ұштап, сонымен қатар Сарға ауылдық әкімдігінің бас маманы Жантілеуов Кайрош қатысып жылы лебіздерін білдірді.Салтанатты жиында мектеп директоры Қанат Оразалиев алғашқы сөз кезегін алып, ұстаздар мен оқушыларды…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының жалпы ереже талаптарына сәйкес жаңа 2023-2024 оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар

Құрметті ата-аналар мен мектеп оқушылары! Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының жалпы ереже талаптарына сәйкес жаңа 2023-2024 оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар: Ұл балалар үшін:✅ Қара немесе қою көк түсті пиджак, жилет, шалбар, және ақ түсті жейде. (қысқы мезгілде қара немесе қою көк жилет)✅ Ұлдарға арналған шалбарлар еркін…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мектебіміздің мерейін үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға,жүректеріңізді жырға бөлесін.

Бөлісу/Поделиться:

«Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Мектебімізде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай әке мен баланың қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Мақсаты: Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке ролінің ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Ауғанның   асуында от кешкендер» атты танымдық сабақ өткізілді.

Мектебімізде 24.02.2023ж. күні Ауған соғысының 34 жылдығына орай  «Ауғанның   асуында от кешкендер» атты танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, ардагерлеріміздің ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Ауған соғысының ардагері Сәндібай Халилаев сабағымыздың қонағы болды. Ауғанстандағы  әскери  қызметі туралы…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться: