10 қаңтар күні мектебімізде жас жеткіншектердің адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, қоғамда кең белең алып отырған өзекті мәселелердің жас жеткіншектерге жасалатын зорлық-зомбылық, оның алдын алуға түсініктеме беру мақсатында 6-7 сыныптардың қыз балаларымен жиналыс өткізілді. Жасөспірімдерге үлкендер тарапынан физикалық зорлық, кибербуллинг т.б. зорлық түрлерінен сақтану жолдары туралы мектеп психологы Ж.Ауанова, «Балауса» қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Кошимова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тітірбаева өз ойларын жеткізді. Үлкендер тарапынан жасалатын физикалық зорлық байқалған бойдан оны жасыруға болмайтындығы түсіндірілді.