1973 жылдың наурыз айында Маңғыстау облысы құрылып, оның құрамында Бейнеу ауданы бой көтерді. 1973 жылдың аяғында Бейнеу селосынан 18 шақырым солтүстік-батыс бағытынан «Сам» кеншарының орталығы Сарға селосы дүниеге келді.
Жаңа ауылға аймақтың әр түкпірінен жаңа тұрғындар келіп орныға бастады. Күн өткен сайын қоныстанушылар көбейе келе, олардың тұрмыстық қажетін өтеу басты мәселеге айналып, жаңа нысандар салына бастады.
Іргелі ауылдың ажарын ашып, өзіндік үлес қосқан нысан Жанкелдин атындағы орта мектебінің жылнамасында да мақтау айтылар мадақ жырлары, өзіндік сырлары бар.
Қазіргі Жанкелдин атындағы орта мектебі 1974 жылы тамыз айында «Бейнеу сегізжылдық мектебі» деген атпен алғашқы шәкірттерін қабылдады. Араға үш жыл салып 1977 жылдан орта мектеп жобасымен салынған 320 балалық ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп тарихына аттарын алтын әріппен жазуға тұрарлық 12 ұстаз алғашқы мектеп директоры Жалғас Сағындықов, алғашқы оқу ісі меңгерушісі Қожабай Қибасов, алғашқы мұғалімдер Жұмағали Тастеміров, Ұштап Тілеубергенова, Тастан Алагөзов, Әмина Елесінова, Нұрила Құлманова, Тәжі Нұрпейісова, Қымбат Нұрғалиева, Әбдірәйім Ақшабаев, Жексенбі Сағындықов, Байнияз Таңатаровтар сол жылдың 1-қыркүйегінде аллюминий сым байлаған жұқа қаңылтырдан жасалған қоңыраумен алғашқы түлектерді мектепке қабылдады. Сол жылы ұстаздар саны 12, оқушылар саны 114, сыныптар саны 8 болса, осы күні мектеп өткен жылдар ішінде ұстаздар саны 49-ға жуықтаған, ал оқушылардың 39-шы түлектері ұядан ұшатын үлкен білім ордасына айналды.
Мектептің үш мүшел жасындағы тарихына зерделей үңілсек, білім шаңырағының сатылай өскенін байқауға болады. Аудандық, облыстық деңгейде мектеп дәрежесінің өсуі ұжымға деген сенімділікті қалыптастырды. Сол себепті де кезінде аудандық білім беру тарапынан «Сенім мектебі» атауына ие болды. Бұл көп жылғы ұстаз еңбегі мен зейнетінің бағасы болса керек.
Қазір мектепте 13 пәндік кабинет, аралас еңбек шеберханасы, 2 компьютер сынып, 1 лингафон кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, соңғы үлгідегі биология кабинетімен жабдықталған. Осындай ұжым қалыптасқан мектеп 1995 жылы 2001 жылы рейтингтік бағалау бойынша алғашқы «Жыл мектебі» байқауының жеңімпазы болып аталды.
1973 жылдың наурыз айында Маңғыстау облысы құрылып, оның құрамында Бейнеу ауданы бой көтерді. 1973 жылдың аяғында Бейнеу селосынан 18 шақырым солтүстік-батыс бағытынан «Сам» кеншарының орталығы Сарға селосы дүниеге келді.
Жаңа ауылға аймақтың әр түкпірінен жаңа тұрғындар келіп орныға бастады. Күн өткен сайын қоныстанушылар көбейе келе, олардың тұрмыстық қажетін өтеу басты мәселеге айналып, жаңа нысандар салына бастады.
Іргелі ауылдың ажарын ашып, өзіндік үлес қосқан нысан Жанкелдин атындағы орта мектебінің жылнамасында да мақтау айтылар мадақ жырлары, өзіндік сырлары бар.
Қазіргі Жанкелдин атындағы орта мектебі 1974 жылы тамыз айында «Бейнеу сегізжылдық мектебі» деген атпен алғашқы шәкірттерін қабылдады. Араға үш жыл салып 1977 жылдан орта мектеп жобасымен салынған 320 балалық ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп тарихына аттарын алтын әріппен жазуға тұрарлық 12 ұстаз алғашқы мектеп директоры Жалғас Сағындықов, алғашқы оқу ісі меңгерушісі Қожабай Қибасов, алғашқы мұғалімдер Жұмағали Тастеміров, Ұштап Тілеубергенова, Тастан Алагөзов, Әмина Елесінова, Нұрила Құлманова, Тәжі Нұрпейісова, Қымбат Нұрғалиева, Әбдірәйім Ақшабаев, Жексенбі Сағындықов, Байнияз Таңатаровтар сол жылдың 1-қыркүйегінде аллюминий сым байлаған жұқа қаңылтырдан жасалған қоңыраумен алғашқы түлектерді мектепке қабылдады. Сол жылы ұстаздар саны 12, оқушылар саны 114, сыныптар саны 8 болса, осы күні мектеп өткен жылдар ішінде ұстаздар саны 49-ға жуықтаған, ал оқушылардың 39-шы түлектері ұядан ұшатын үлкен білім ордасына айналды. Мектептің үш мүшел жасындағы тарихына зерделей үңілсек, білім шаңырағының сатылай өскенін байқауға болады. Аудандық, облыстық деңгейде мектеп дәрежесінің өсуі ұжымға деген сенімділікті қалыптастырды. Сол себепті де кезінде аудандық білім беру тарапынан «Сенім мектебі» атауына ие болды. Бұл көп жылғы ұстаз еңбегі мен зейнетінің бағасы болса керек. Қазір мектепте 13 пәндік кабинет, аралас еңбек шеберханасы, 2 компьютер сынып, 1 лингафон кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, соңғы үлгідегі биология кабинетімен жабдықталған. Осындай ұжым қалыптасқан мектеп 1995 жылы 2001 жылы рейтингтік бағалау бойынша алғашқы «Жыл мектебі» байқауының жеңімпазы болып аталды.
