«Қаһарман Раджан» атты тәрбие сағатын өткізді.

“Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де оқушыларға патриотизмнің және Отанға қызмет етудегі батырлық пен ерліктің маңыздылығын насихаттау мақсатында АӘжТД жетекшісі Н.Көбеншеев «Қаһарман Раджан» атты тәрбие сағатын өткізді. Патриоттық тәрбие сағатында шекарашы кіші сержант Раджан Батркановтың өмірбаяны және Отан алдындағы борышын өтеу кезіндегі ерлігі таныстырылды. Сонымен қатар, ТМД елдері арасындағы бітімгершілік әскерлерінің атқарған міндеттері айтылды. Осы ТМД елдері шекарасын қорғау кезіндегі ұрыста ерлікпен қаза болған Р.Батрканов II дәрежелі «Айбын» және Тәжікстан мемлекетінің I дәрежелі «Спитамен» ордендерімен марапатталған болатын. Раджанның ерлігі кейінгі ұрпақтың жадында ерліктің, адалдықтың, батырлықтың үлгісі ретінде қалады.
Гани Бейсембаев
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Меруерт Медетбекова
Шер Раиса
Лилия Атажанова
@актуальное
