Оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылып, өткізілді.
ҚРБҒМ-нің 2022 жылғы 30 наурыздағы N117 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықты басшылыққа ала отырып қырқүйек айының 27 жұлдызында «Ә.Жанкелдин атындағы ЖББМ»-сінде оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Нұсқаулықтағы алгоритмдерге сәйкес мектеп персоналдарына, күзет ұйымдарына және оқушыларға нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, дабыл түймесі қосылып, қызметкерлер мен оқушыларды қауіпсіз жерге орналастыру үшін эвакуациялау жүргізілді. Мектептегі техникалық құралдардың (дабыл түймесі, бейнекамералар) жұмыс жасап тұрғанына тексеру жүргізілді.



