ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

«Мектебім — мейрім мекені»

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Мектебім — мейрім мекені»

💐🔔«МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»💐🔔 1 қыркүйек — Білім күні мерекесі «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға Аудандық мәслихат депутаты Түзелов Райымбек, ардагер ұстаз Тілеубергенова Ұштап, сонымен қатар Сарға ауылдық әкімдігінің бас маманы Жантілеуов Кайрош қатысып жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиында мектеп директоры Қанат Оразалиев алғашқы сөз кезегін алып, ұстаздар мен оқушыларды сонымен қатар мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа оқу жылына жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларға да тек қана сәттілік тіледі.
Мерекелік шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Салтантты жиынның соңы бірыңғай «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
@zhankeldin_mektep_kmm

Бөлісу/Поделиться: