ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

10 қаңтар күні «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде 8-11 сынып қыз балалар оқушылары арасында жиналыс болды. Күн тәртібінде бүгінгі күннің өзекті мәселесі – ерте жүктілік және оның алдын алу. Осы мәселе бойынша аудандық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері Оңдашева Амангул Арманқызы ерте жүктілік кезіндегі ағзадағы физиологиялық өзгерістер жайында, ерте жүктіліктің несімен қауіпті екендігі туралы ақпараттармен бөлісті. ЗОЖ дәрігері А.Толыбаева ерте жүктіліктің зиянды және қауіпті жақтарын нақты дәлелдермен мол мағлұматтар келтірді, өзінің ақыл –кеңесін берді. Осы тақырыптарға орай «Балауса» қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Кошимова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тітірбаева, тәлімгер Ш. Маздимова, мектеп психологы Ж.Ауанова жағымсыз әрекеттердің алдын алу туралы өз ойларымен бөлісті, жиналыс соңында оқушылармен сұрақ-жауап айдары болды. Аудандық аурухана дәрігерлері осындай пікірлесу алаңын ұйымдастырғаны үшін мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

Бөлісу/Поделиться: