ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

Месяц: Февраль 2023

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

8-11 сынып оқушылары арасында «Жыл оқушысы -2022» премиясы​ өткізілді.

Мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыл оқушысы -2022» премиясы​ өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани — танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. Бәсекеге қабілетті, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. 2021 -2022 оқу жылында жеткен жетістіктері бойынша «Жыл оқушысы-2022» премиясымен Тағабердиева…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.

«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті. Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа , ұлтжандылыққа, туған жеріне , атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт – бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Жиын мектеп директорының құттықтау сөзімен басталды. Осыдан кейін «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ендігі қабылданатын «Жас Қыран»…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Ә. Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-де Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы  Ә. Т. Жанкелдиннің өмір жолымен таныстыру және зиялы қауым өкілінің өнегелі өмірін насихаттау мақсатында «Ұшы қиырсыз жол»деректі фильмі көрсетілді.

Бөлісу/Поделиться:

Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған «Әр өлеңі- бір әлем» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында  лирик ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған «Әр өлеңі- бір әлем»  атты әдеби-сазды кеші өтті. Әдеби-сазды кештің мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Кешке 5-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Бірі өлең оқыса, бірі…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

7-8 сынып мектеп оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы жарысы өтті.

21-22 ақпан күндері Бейнеу ауданы 7-8 сынып мектеп оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы жарысында «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің қыздар командасы жүлделі 2 орын  иеленді. Және команда ойыншысы Есенбаева Шұғыла «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

Бөлісу/Поделиться:

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сүрет көрмесі өткізілген.

Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-сі «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сүрет көрмесі өткізілген. Әр сынып өздерінің жемқорлыққа қарсы екендерін сүрет арқылы білдірді. Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы зандарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің…
ары қарай оқу

Бөлісу/Поделиться:

«Тілші мұғалімдер» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

2023 жылдың 9-10 ақпан күндері Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тілші мұғалімдер» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиадаға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева Жұлдыз қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Бөлісу/Поделиться:

«Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.

8 ақпанда «Ә.Жанкелдин атындағы ЖББМ»КММ-сінде республикалық «Өмірге «Иә» деп айт!» науқанына орай мектеп психологы Ж.Ауанова ата-аналар мен оқушыларға «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: ата-ана мен бала арасында ынтымақтасты жылы қарым-қатынас орнату, өмірдің құндылықтарын дәріптеп, сүйе білуге шақыру.

Бөлісу/Поделиться: