«Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
8 ақпанда «Ә.Жанкелдин атындағы ЖББМ»КММ-сінде республикалық «Өмірге «Иә» деп айт!» науқанына орай мектеп психологы Ж.Ауанова ата-аналар мен оқушыларға «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: ата-ана мен бала арасында ынтымақтасты жылы қарым-қатынас орнату, өмірдің құндылықтарын дәріптеп, сүйе білуге шақыру.