2 -6 сыныптар арасында «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» атты сурет көрмесін өткізді.
Мектебімізде 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай үйірме жетекшісі Алдаберген Тіленбай 2 -6 сыныптар арасында «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» атты сурет көрмесін өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету;
олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту;
сурет салу дағдысын, логикалық ойлау,
еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру;
өнерді құрмет тұту; өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу; оқушыларға патриоттық тәрбие беру;
еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Жомарт Избасаров мырзаға берілді. Мектеп басшысы мерекелік құттықтау жолдай отырып, көрмені ашып берді.
Әділ қазылар алқасына Бейнеу Өнер мектебінің сурет пәні мұғалімдері Қосжанова Маржан, Мусаева Венера және де мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Гулбану Аманбаева қазылық етті.
Қорытындылай келе, І орын Сәуірбай Жанкелді, ІІ орын Бердібек Мәрмәр, ІІІ орын Көбейген Ақбота , Нұрберген Елнұр және Жайлау Аймауыт ынталандыру дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сурет көрмесі өте жоғары деңгейде өтті.