«Ә.Жанкелдина атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де химия апталығы өтті.
30 қаңтар мен 3-ақпан аралығында «Ә.Жанкелдина атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де химия апталығы өтті. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың замануи тәсілдерін қолданылды. Апталық басында оқушылар мұғалімдерге арнап, химиялық тілектер жазып, оны тәттілермен мұғалімдерге ұсынды.
Апталық барысында 8а,ә сыныптар арасында «Химиялық хоккей», 9-сынып оқушылары арасында «Білгір химик», 10-11 сыныптар арасында «Интеллектуалды олимпиада» сайыстары өткізілді. 7-сынып оқушылары қызықты тәжірибелер жасап көрсетті. Апталық барысында оқушылар үзілісте жұмбақтар шешіп, ой жүйріктігін көрсетті. Апталық соңында жеңімпаз командалар марапатталды.