ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

«Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Мектебімізде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай әке мен баланың қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Әке — отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.

Мақсаты: Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке ролінің ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Отбасын, ата-анасын, туыстарын сыйлауға, сүюге тәрбиелеу.

Форумға әр сыныптан бір оқушы әкесімен қатыстырылды. Шара барысында оқушыларымыздың концерті тарту етіліп, тренингпен жалғасты. Форумның соңында мектеп басшысы шараға қатысқан әкелерге Алғыс хат табыстады. Әкелер мектеп ұжымына өз алғыстарын білдіріп, мектеп өмірімен тығыз қарым-қатынас жасауға ниеттерін білдірді.

Бөлісу/Поделиться: