«Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз!
«Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Жүрегі мейірімге толы жомарт жандарды «Мектепке жол» акциясына үлес қосуға шақырамыз! Акцияның мақсаты: Мектеп оқушыларын толық оқумен қамту, аз қамтылған отбасы және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету, балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен отбасы балаларына нақты көмек көрсету болып табылады. Акция осы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияға белсене атсалысайық! Байланыс телефон нөмері: +7 729 32 23 346
Мекен жайы: Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Әнетұлы 33 А
