Хабарландыру!!!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің « Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп » КММ-сі ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2020 жылғы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:
1. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 маман (тұрақты бос орын)
2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 маман (тұрақты бос орын)
3. Директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары 1 маман ( тұрақты бос орын)
4. Дефектолог 1 маман (уақытша бос орын)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. №57 бұйрық 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы, ¾ фотосымен;
4. Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі қосымшасымен;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік тестілеу сертификатымен;
7. Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар;
8. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11. №57 бұйрық 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Бағалау парағы.
12. Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы: кемінде 15 минут, ең томенгі ажыратылымдығы 720х480.
Осы құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды кері қайтаруға негіз болады.
Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Т. Әнетұлы көшесі, ғимарат 33А, «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ .
Анықтама алу үшін телефон +7 72932 23 3 46
эл.пошта a.jankeldin@mail.ru