ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

«Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептері» такырыбында дебат өтті.

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептері» такырыбында дебат өтті.

25 қаңтар күні мектепішілік «Ақиқат ұшқыны» дебат клубының ұйымдастыруымен «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептері» такырыбында дебат өтті. Дебаттың басты мақсаты — жоғары буын және мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, оқушылардың ой- өрісін, еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дебат барысында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Пікірлесу барысында сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады?» деген сауалдар туындайды.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері не салдары екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер. Сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар да айтылды.

Бөлісу/Поделиться: