«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.
«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.
Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа , ұлтжандылыққа, туған жеріне , атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт – бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Жиын мектеп директорының құттықтау сөзімен басталды. Осыдан кейін «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ендігі қабылданатын «Жас Қыран» ұйымы мүшелеріне жақсы ілебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары ұйымға қабылданып жатырған оқушыларға галстуктерін тағып, оқуда озат болуға үлкен сенім артты.
«Жас Ұлан» ұйымына 20 оқушы, «Жас Қыран» ұйымына 23 оқушы қабылданды.


