ҚР, Бейнеу ауд., Сарға ауылы,Т. Анетұлы, 33 «А»
+77293223410
a.jankeldin@mail.ru

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

"Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

2023 жылдың 15 ақпан күні «Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде: 1-мәселе бойынша — білім беру ұйымындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың білім алуына қолайлы жағдайлардың жасалуы, сонымен қатар оқушылардың түнгі мезгілде жұмыс жасауына ата-ана қарауынсыз жүруіне жол бермеу керек екендігі туралы мектеп директоры Ж.Избасаров сөз сөйледі.

2-мәселе бойынша Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, суицид, зиянды әдеттердің, жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне және оның алдын алу туралы полиция лейтенанты Бердиев Рамазан, полиция капитаны Акадилова Сандуғаш баяндама оқыды.

3-мәселе бойынша: «Бала өміріндегі буллингтің әсері» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тітірбаева сөз қозғады.

4-мәселеде Қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Кошимова «Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-ана» тақырыбында сөз қозғады.

Жалпы ата-аналар жиналысының төрайымы Нұрбердиева Қарлығаш қорытынды сөз сөйлеп, хатшысы Ақшабаева Сәулет ата-аналармен тренинг өткізді.

Бөлісу/Поделиться: