“Ұстаз-ана” тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектепте 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен “Ұстаз-ана” тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қызығы мен қиындығын түсіндіру, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Ардагер ұстаздар тәлім-тәрбиесі мол ғибратты әңгімелерімен қоса, жас мамандарға ақыл-кеңесін айта отырып, алғысын айтып, батасын берді. Кеңпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелейтін кездесуде зейнеткер ұстаздарымыз ұрпақты тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп, өз ойларын ортаға салды.